Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Гүлмира Аманжолқызы
|
06.09.2025 19:03
Маңғыстауда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Өңірдің Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Алғашқы 20 жас сарбаз Алматы облысының Қараой ауданында орналасқан ҰҚК Шекара қызметінің оқу орталығына аттанды, деп хабарлайды otpannews.kz әскери ведомствоға сілтеме жасап.


Күзгі әскерге шақыру ҚР Президентінің Жарғысына сәйкес 1 қыркүйекте басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Әскерге шақыру іс-шараларын ұйымдастыру үшін өңірде сегіз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы жұмыс істейді.


Салтанатты шараға Қорғаныс істері департаментінің басшылығы, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.


Жас сарбаздың анасы Алтынай Халмурадова өз әсерін бөлісті:


Мен өзім де келісімшарт бойынша әскери қызметтемін, сондықтан ұлымның әскерге бару шешімін қолдадым. Оның абыроймен қызмет етіп, аман-есен үйге оралуын тілеймін. Бүгін ұлыммен бірге шекара қызметіне аттанып жатқан барлық жас сарбаздарға сәттілік, төзім мен қайсарлық тілеймін, – деді ол.


Биылғы күзде Маңғыстау облысынан шамамен 600 жас әскер қатарына шақырылмақ. Оның ішінде 240-ы – ҚР Қарулы күштеріне, 253-і – Ұлттық ұланға, 100-і – ҰҚК Шекара қызметіне, 7-і – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.


Мемлекеттік саясаттың маңызды бағытының бірі – әскерден оралған азаматтарды қолдау. Бүгінде 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері Қорғаныс министрлігімен келісім жасап, әскерден келген жастарға қосымша білім беру жеңілдіктерін ұсынып отыр. Соның арқасында 180-нен астам жас тегін оқу грантына ие болып, жоғары оқу орындарына түсті, тағы 400-ден астамы ақылы негізде оқуға қабылданды.


Айта кетейік, Қазақстанда азаматтарды әскери есепке қою және есептен шығару үдерістері автоматтандырылды. Енді тұрғылықты жерін ауыстырғанда әскери бөлімшеге жеке барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар жақын арада әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлік беру тоқтатылады және мерзімді әскери қызметтен өтпеген азаматтарға әскери билет берілмейді.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!