Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық оқушылар техникалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды таңдайды

Otpan News
|
12.09.2025 10:28
Маңғыстаулық оқушылар техникалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды таңдайды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен төртінші жыл қатарынан «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасы сәтті іске асып келеді. Биыл өңірдің 1 400-ге жуық оқушысы жобаға қатысуға өтінім берді. Байқау қорытындысы бойынша 127 бала грант иегері атанды, олар Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының оқушылары.


ҚМГ оқу ақысын, жатақханада тұру және жол шығындарын толығымен жабады, сондай-ақ шәкіртақы тағайындайды. Бұл жастарға тек оқуға және кәсіби дамуға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді.


Талапкерлердің басым бөлігі техникалық және медициналық мамандықтарды, сонымен бірге «Төтенше жағдайларда қорғау» бағытын таңдады. Сонымен қатар жеткіншектер педагогика, құқықтану, экономика, өнер және туризм салаларын да меңгеруде.


Бағдарламаға қатысушылар Астана, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысындағы жетекші колледждер мен мамандандырылған оқу орындарында білім алуда.


«Жарқын Болашақ» Маңғыстау облысының жастарына сапалы білім алуға және болашақта жоғары білікті кәсіби мамандық иесі болуға зор мүмкіндік беріп келеді.

82
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!