Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысының әкімі жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын күтіп алып көңіл айтты

Нұргүл Алясова
|
12.09.2025 15:48
Маңғыстау облысының әкімі жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын күтіп алып көңіл айтты

Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан азаматтардың туыстары арнайы бортпен Маңғыстауға келді, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаралы отбасы мүшелерін әуежайдан күтіп алып, қаза болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың төрағасы, полиция департаментінің басшысы, мешіт имамы мен шіркеу қызметкері де қайғыға ортақтасты.


Айта кетейік, 11 қыркүйекте Бекет атаға зиярат етіп бара жатқан «Toyota Hiace» автокөлігі Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апатына ұшырап, 10 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде – бес Қарағанды облысының, ал біреуі Астана қаласының тұрғыны. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Біреуінің жағдайы ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты. Дәрігерлер науқастардың денсаулығын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайды жасауда.

89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!