Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау қаласының бас жоспары жаңартылды

Нұргүл Алясова
|
12.09.2025 10:06
Ақтау қаласының бас жоспары жаңартылды
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтау қаласының тұрғын үй құрылысы, көлік және инженерлік инфрақұрылым, жасыл аймақтар, өндірістік және рекреациялық нысандарды дамытуға арналған бас жоспары жаңартылды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2040 жылға дейін жалғасады. Жаңа редакцияда әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді дамыту, экологиялық тұрақтылықты арттыру, Каспий жағалауының туристік-рекреациялық әлеуетін күшейтуге басымдық берілді. Сонымен қатар құжат негізінде инженерлік желілерді жаңғырту, көлік логистикасын жетілдіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау қарастырылған.

 

Жаңартылған бас жоспар Ақтаудың аумақтық кеңеюінен қазіргі заманға сай, қолайлы әрі бәсекеге қабілетті қала ортасын қалыптастыруға жол ашпақ. Бұл өзгерістердің арқасында Ақтау Каспий аймағындағы стратегиялық орталық ретіндегі рөлін одан әрі нығайтпақ.

90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!