Otpan News Logo

Қарақиядағы мектепте оқушылар қалдықтан креативті бұйымдар жасайды

Қарақиядағы мектепте оқушылар қалдықтан креативті бұйымдар жасайды

Қарақия ауданындағы №4 мектепте 2 жылдан бері «Қалдықтан табысқа» жобасы нәтижелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.



Үйірмеде оқушылар пластик, қағаз, ағаш, темір, мата, жіп сияқты қалдық материалдардан жаңа әрі креативті бұйымдар жасап, өз шеберліктерін дамытады. Бүгінде үйірмеге 8–9 сыныптың 25 оқушысы тұрақты қатысады.


Қазіргі таңда айналада қалдық материалдар көп кездеседі. Мәселен, ПВХ, мата қалдықтары, ағаш қиындылары, пластик бөтелке, трубалар. Осы шикізаттардв оқушылар өздері жинайды. Яғни, мектептен шыққан қағаз қалдықтарын далаға тастамай пайдаға асырады. Оның ішінде: эскимо, суши таяқшалары, шыны банкалар, ағаш бұталары да бар. Мектептен шыққан макулатурадан папье маше жасайды. Картина, жануарлардың сұлбасы, көрнекі құралдар сияқты өнімдерді қолдан жасайды. Балалар мектепке «Отпан» жобасы аясында келген станоктарды жақсы меңгеріп алған. Кез келген ағаш қалдығынан тез әрі сапалы интерьерлік бұйымдар жасап жатыр. Мектеп директоры балалар қоршаған ортаны қорғауға атсалысып жатыр дейді.



«Бұл үйірме жұмысын бастағалы көп жетістікке жетті. Осы тұста үйірме жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әлия Джарлғаеваның еңбегі зор. Жетекшінің еңбекқорлығы мен ізденісі, жауапкершілігінің арқасында жоба нәтижелі болып отыр. Балалар кішкентай нәрседен керемет дүниелер жасап шығарады. Жақында аудандық семинар өтті. Онда еңбек пәнінің мұғалімдері балалардың жұмысына жоғары баға берді», - деді Қарақия ауданы №4 мектептің директоры Гүлшат Мұқанова.


Тіпті балалар жасаған жұмыстар облыстық және республикалық деңгейдегі көрмелерге қойылып, түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Жоба оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!