Otpan News Logo

Департамент: мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықтар үшін 6,4 млн теңге айыппұл салынды

|
27.03.2026 09:05
Департамент: мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықтар үшін 6,4 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы Мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік практика бойынша Департаментпен 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы


Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында мемлекеттік сатып алу саласында саласында уәкілетті орган болып табылады.


Департаментпен 2026 жылдың 3 айлығындағы есепті кезең бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар бойынша, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқбұзушылық туралы Кодексінің 207-бабымен лауазымды тұлғағарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қозғалып, оларға осы Кодекстің 207-бабы бойынша 6 455 377 (алты миллион төрт жүз елу бес мың үш жүз жетпіс жеті тенге) теңге айыппұл салынды.


Өз кезегінде әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар 6 050 002 (алты миллион елу мың екі теңге) өз еркімен бюджет пайдасына өндірілді.


Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы қаржылық бақылау саласындағы әкімшілік практика бойынша Департаментпен 2026 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар туралы


Департаментпен 2026 жылдың 3 айлығындағы есепті кезең бойынша қаржылық есептілік саласында 92 лауазымды тұлғаға яғни мемлекеттік органдардың бас есепшілеріне мекемелердің бухгалтерлік есептілігінде қылмыстың құрамы жоқ, қаржылық бұрмалаушылық жасағаны үшін және мемлекеттік мекемелердің басшыларына 8 265 377 теңгеге (сегіз миллион екі жүз алпыс бес мың үш жүз жетпіс жеті теңге) айыппұл салынып, оның ішінде 6 557 002 (алты миллион бес жүз елу жеті мың екі теңге) айыппұл толықтай бюджет пайдасына өтелді.

109
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!