Маңғыстаулық жас шахматшы ел кубогында жеңімпаз атанды
Маңғыстаулық жас шахматшы Закария Амиров Шымкент қаласында өткен шахматтан Қазақстан Республикасы Кубогының бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жарысқа еліміздің және жақын шетелдердің жас шахматшылары қатысты.
«8 жасқа дейінгі ұлдар» санатында Ақтау қаласындағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 1-сынып оқушысы Закария Амиров жүлделі І орынды иеленді.
Закария 100-ден астам қатысушы арасында өзінен үлкен қарсыластармен бақ сынасып, нәтижесінде өз жас санатында үздік атанды.
42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев