«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалында жүргізілген сәйкестік аудит нәтижелері туралы
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның арызы негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалында «Медцентр Ибн Сина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық кепілдік берілген көлемінің тізбесі шеңберінде бюджет қаражаттары бөлінуінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудит барысында, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы тарапынан бюджет қаражатын жұмсауда Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының (6-1-тармағының) және Шарттың 1-бөлімнің 3-тармағының талаптары сақталмау салдарынан, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық кепілдік берілген көлемінің тізбесі шеңберінде «Медцентр Ибн Сина» ЖШС-нің орындалмаған медициналық қызметтерінің сомасы 56 628,2 мың теңге негізсіз төленгені анықталды.
Осыған орай, департамент тарапынан аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты
тұлғаларға қатысты шараларды қабылдауға қорытынды, сондай-ақ нұсқама жіберілгенді.
Департамент тарапынан филиалдың бұрынғы директорына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235-V Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынып, бюджетке толықтай өтелді.
Аудит нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Медцентр Ибн Сина» ЖШС-нің тарапынан 56 628,2 мың теңге толық қайтарылды.
Л.Акботина
Маңғыстау облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-
мемлекеттік аудиторы