Otpan News Logo

Ішкі аудит дерегі: миллиардтаған қаржыға заңбұзушылық анықталды

|
27.03.2026 08:35
Ішкі аудит дерегі: миллиардтаған қаржыға заңбұзушылық анықталды

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 2025 жылы 49 аудиттік іс-шара өткізілді. Аталған аудит нәтижесінде жалпы сомасы 16 234,5 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл аудитпен қамтылған 20 082,2 млн. теңгенің 80,8 %-ын құрайды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 6 966,2 млн. теңге немесе 34,7 %,рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 9 268,2 млн. теңге немесе 46,1 %.


Сонымен қатар, есепті кезеңде анықталған қаржылық бұзушылықтар аудит нысандары тарапынан 95% жойылды: бюджетке өтелгені – 730,6 млн теңге; атқарылған жұмыстармен, жеткізілген товарлармен, көрсетілген қызметтерімен қалпына келтірілгені – 1 820,4 млн. теңге; бухгалтерлік есепте көрсетілгені – 4 073,7 млн. теңге.


Өтелмеген және қалпына келтірілмеген сома қалдықтары бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілуде (сот шешімін мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына материалдар жіберілді).


Анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру бойынша 47 нұсқама беріліп, толығымен орындалды.


Жол берілген бұзушылықтар үшін аудит нысандарының 44 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 5 лауазымды тұлға қызметінен босатылды.


Есептік кезеңде жалпы сомасы 57 834,2 мың теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылып толығымен өндірілді.


Аудиторлық шаралар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жолданған екі материал бойынша

қылмыстық істер қозғалып, лауазымды қызметкерлер сот Үкімі негізінде бас бостандығынан айырылды.


Департаменттің әрекеттеріне қатысты аудит нысандары тарапынан талап арыздар берілмеді.


Департаментом в порядке пп. 4) п. 2 ст. 5 Закона Республики Казахстан «О государственном аудите и финансовом контроле» в судебные органы подано 12 исков, которые полностью удовлетворены.


Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес сот органдарына 12 талап арыздар жолданып, талап арыздар қанағаттандырылды.

106
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!