Дзюдодан ҚР чемпионатында маңғыстаулық дзюдошылар үш медаль еншіледі
Қарағанды қаласында өтіп жатқан дзюдодан 2011–2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының екінші күнінде маңғыстаулық спортшылар жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
50 келі салмақта Ернұр Жайлыбай мен 48 келіде Инабат Нұртай күміс жүлдегер атанса, 52 келіде Ибраш Дария қола медаль иеленді.
– Бұл – жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі. Спортшыларымыздың әр жарыста тәжірибе жинап, шыңдалып келе жатқаны қуантады. Ел чемпионатының үшінші күнінде сынға түсетін дзюдошыларымызға сәттілік тілейміз, – деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.
19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев