Otpan News Logo

Парижде қазақтың ұлттық күйі күмбірледі: Маңғыстаулық өнерпаздар халықаралық додада жеңіске жетті

|
30.03.2026 09:15
Парижде қазақтың ұлттық күйі күмбірледі: Маңғыстаулық өнерпаздар халықаралық додада жеңіске жетті

2026 жылдың 26-30 наурыз аралығында Францияның астанасында өнер әлемінің елеулі оқиғасы – XXXVI Халықаралық «Etoile’s de Paris» (Париж жұлдызы) көпжанрлы фестиваль-байқауы өтті. «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бұл беделді додада Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының намысын қорғаған жас домбырашылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды otpannews.kz


UNESCO-ның серіктесі EAFF (Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығы) қолдауымен өткен байқауда Чехия, Армения, Болгария, Греция, Украина, Франция және Қазақстан сияқты мемлекеттерден келген жүздеген жас талант бақ сынады. Жоғары деңгейдегі бәсекеде ақтаулық өнерпаздар қазақтың төл аспабы – домбыраның үнін әлемдік деңгейде паш етті.


Қазылар алқасының шешімімен «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша маңғыстаулықтар барлық санатта үздік деп танылды. Атап айтқанда, «IQ EDUCATION» ЖШС қарасты «IQ intellectual school» гимназиясының «IQ домбырашылар ансамблі» ұжымдық шеберліктерімен ерекшеленіп, І орынды иеленді.


Ал жеке сында өнер көрсеткен жас дарындар Зиятов Асылхан, Көпберген Аяулым және Алмас Әділ де мінсіз ойынының арқасында І орындарды иеленіп, алтыннан алқа тағынды.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!