Otpan News Logo

«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сәйкестік аудит нәтижелері туралы

|
26.03.2026 17:17
«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сәйкестік аудит нәтижелері туралы

Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның арызы негізінде «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Аквамарин» демалыс базасы құрылысының бір бөлігін өтеу бойынша жұмсалған бюджет қаражатының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.


«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан бюджет қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының тармағында көрсетілген талаптары сақталмаған.


Аудит барысында жалпы сомасы 117 217 000 теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.


Осыған орай, департамент тарапынан аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты тұлғаларға қатысты шараларды қабылдауға қорытынды, сондай-ақ «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінен 85 410 171 (сексен бес миллион төрт жүз он мың бір жүз жетпіс бір) теңгені бюджет кірісіне 206109 бюджеттік сыныптама кодына өндіруді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша 31 806 829 (отыз бір миллион сегіз жүз алты мың сегіз жүз жиырма тоғыз) теңге сомасында қалпына келтіру бойынша нұсқама жіберілді.


Департамент тарапынан Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі нұсқаманы орындалмағандықтан 85 410 171 (сексен бес миллион төрт жүз он мың бір жүз жетпіс бір) теңгені бюджет кірісіне 206109 бюджеттік сыныптама кодына өндіру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша 31 806 829 (отыз бір миллион сегіз жүз алты мың сегіз жүз жиырма тоғыз) теңге сомасында қалпына келтіру бойынша талап арыз жолданылып, сот процесі жалғасуда.


Л.Акботина

Маңғыстау облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-

мемлекеттік аудиторы

231
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!