Маңғыстаулық дзюдошылар ҚР чемпионатында тағы екі қола еншіледі
2011–2012 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында Маңғыстау облысының спортшылары тағы да жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Чемпионаттың үшінші күнінде -73 келі салмақта Нұрсат Берен мен +73 келі салмақта Орынбасар Досым қола медальға ие болды.
- Бұл – жүйелі дайындық пен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің жемісі. Спортшыларымыздың әрбір жарыста тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдап келе жатқаны қуантады. Ел біріншілігінде өңіріміздің кіші жасөспірімдері қоржынға бес медаль салды. Аз жүлде емес. Дегенмен, алдағы жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз. Осы чемпионатқа алғаш қатысып, жүлдеге ілінбей қалған балуандарымыздан да үлкен үміт күтеміз, – деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР чемпионатының екінші күнінде 50 келі салмақта Ернұр Жайлыбай мен 48 келіде Инабат Нұртай күміс жүлдегер атанып, 52 келіде Дария Ибраш қола медаль иеленген еді.
16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев