Otpan News Logo

Итальяндық сәулетшілер Ақтаудың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын ұсынды

|
13.11.2026 14:23
Итальяндық сәулетшілер Ақтаудың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын ұсынды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 13 қарашада Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен қала әкімі Мақсат Мұқаш италиялық сәулетші әрі қала құрылысшысы Вальтер Маккимен кездесті. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесу барысында италиялық маман Қазақстанның және әлемнің өзге де қалаларында жүзеге асырған жобаларын таныстырып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Ақтау қаласының инженерлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, электр және жылу жүйелері, коммуналдық желілердің жай-күйі мен оларды жаңғырту мәселелері талқыланды.


Кездесу аясында италиялық делегация Ақтау қаласына арналған жобаларын таныстырып, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қаланың коммуналдық жүйелерінің тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.


Қала әкімі италиялық маманның тәжірибесі мен ұсыныстарына қызығушылық білдіріп, өзара ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.


– Қазақстанның және әлемнің басқа да қалаларында жүзеге асырған жұмыстарыңызбен таныстық. Бізді толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сіздермен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге дайынбыз, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.


Кездесу қорытындысында тараптар Ақтау қаласының өзекті инфрақұрылымдық мәселелерін ескере отырып, ұсынылған жобаларды кезең-кезеңімен қарастыру және алдағы уақытта ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

2
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!