Қуатты ауыл – қуатты елдің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл-аймақтарды дамыту мəселесіне ерекше назар аударуы – маңызды қадам.
«Ауыл» партиясы үшін ауылдың өркендеуі, ауыл тұрғындарының əл-ауқатын арттыру жəне ауыл шаруашылығының əлеуетін тиімді пайдалану – əрдайым күн тəртібіндегі өзекті мəселелердің бірі. Ауыл – тек ауыл шаруашылығының орталығы ғана емес, ұлттық құндылықтарымыздың, салт-дəстүріміздің жəне елдік болмысымыздың алтын бесігі.
Сондықтан ауылдарды дамыту жұмысы тек инфрақұрылым салумен шектелмеуі керек. Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, шағын кəсіпкерлікті қолдау, шаруаларға қолайлы жағдай жасау, жайылым мен жер мəселесін шешу, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету қатар жүруі тиіс.
Əсіресе Маңғыстау өңірі үшін бұл мəселелердің маңызы зор. Облысымыздағы шалғай ауылдардың жол, ауызсу, газ, əлеуметтік нысандар жəне интернетпен қамтылуы тұрақты назарда болуы қажет.
Президент көтерген міндеттерді іске асыруда жергілікті қоғамдастықтың пікірі мен ауыл тұрғындарының нақты сұранысы ескерілуі маңызды деп санаймын.
«Ауыл» партиясы да ауыл халқының мүддесін қорғау, ауыл кəсіпкерлері мен шаруаларының мəселелерін көтеру жəне ауылдық жерлердің дамуына қатысты ұсыныстарды жеткізу бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Біздің мақсатымыз – ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүруге, еңбек етуге жəне кəсіп ашуға мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру.
Ауылдың əлеуеті артса, елдің əлеуеті артады. Ауылға жасалған əрбір инвестиция – болашаққа салынған инвестиция.
Қуанышбай ОЗҒАМБАЕВ,
«Ауыл» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы