Otpan News Logo

Елдегі алғашқы жоба: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады

Елдегі алғашқы жоба: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады

ОTPANNEWS.KZ – Жаңаөзен қаласындағы 25 мемлекеттік мектептің оқушыларына екі аптада бір рет 3,2 пайыздық шұбат беріледі. Қазақстанда алғаш рет қолға алынған пилоттық жоба 11 қарашада басталды.


Бастама Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен жүзеге асып отыр. 2026–2027 оқу жылынан бастап шұбат мектептердің тамақтану мәзіріне енгізілді. Бұл үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы арнайы бұйрық бекітіп, кәсіпкерлер мен «Жаңаөзен сүт зауыты» арасында өнім жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды.


Айта кетейік, қазір Маңғыстау облысында шұбат өндіретін жалғыз кәсіпорын – Жаңаөзен сүт зауыты. Жоба балалардың денсаулығын нығайтып, ұлттық сусынды мектеп ас мәзіріне енгізуді көздейді. Шұбаттың құрамында ақуыз, кальций, фосфор және В тобының дәрумендері бар.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!