Otpan News Logo

Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

|
12.11.2026 18:38
Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

OTPANNEWS.KZ. - Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті келісімшарт негізінде әскери қызмет атқаруға ниетті азаматтарды қабылдайды.


Әскери қызметке үміткерлерге бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда, үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы, мерзімді әскери қызметті өткеруі, орта, арнаулы орта немесе жоғары білімі болуы тиіс. Сонымен қатар өзінің және жақын туыстарының соттылығы болмауы, денсаулығы әскери қызметке жарамды болуы қажет.


Келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілерге ай сайынғы еңбекақы 250 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Оның мөлшері әр адамға 68 мың теңгеден белгіленген.


Бұдан бөлек, әскери қызметшілер маусымдық киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі, медициналық қызметті ақысыз алады. Жыл сайынғы еңбек демалысы 45 күнді құрайды. Сондай-ақ 45 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі, мансаптық өсу және кәсіби дамуға жағдай жасалған.


Ел тыныштығын күзетіп, Отан алдындағы борышын кәсіби деңгейде атқарғысы келетін азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады.


Қосымша ақпарат алу және құжат тапсыру үшін Ақтау қаласы, 1-шағынаудан, 12/5 ғимараты мекенжайына хабарласуға болады.


Байланыс телефоны: 8 705 276 01 61.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!