Маңғыстауда сирек кездесетін құстарды қорғау бағытында жоба жүзеге асырылып жатыр
ЖИ
OTPANNEWS.KZ. - «Үміт Маңғыстау» қоғамдық қоры «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында өңірде жыртқыш және ҚР Қызыл кітабына енген құстарды қорғау бағытында әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жоба аясында зардап шеккен құстарды қабылдау, олардың жағдайына қарай оңалту жұмыстарын жүргізу және табиғи мекендеу ортасына қайта жіберу қарастырылған.
- Қор өз жұмысын биыл шілдеде бастады. Біз жыртқыш құстар мен Қызыл кітапқа енген, соның ішінде қоныс аударатын құстарды қорғауға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі күнге дейін түрлі себептермен зардап шеккен 30 құсты қабылдадық. Олардың әрқайсысына қажетті көмек көрсетіп, табиғатқа қайта оралуына жағдай жасауға тырысамыз, – деді «Үміт Маңғыстау» қоғамдық қорының жетекшісі Меруерт Лыткина.
Сонымен қатар, қор тұрғындар арасында табиғатты аялау және құстарға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев