Otpan News Logo

Сапалы медицина - халық саулығының кепілі

|
13.11.2026 09:32
Сапалы медицина - халық саулығының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді айқындады. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты бастамалар медицина қызметкерлері үшін ерекше мәнге ие.


Президент Жолдауында өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар медицина мамандарын қолдау бағытындағы міндеттер де назардан тыс қалған жоқ.


Медицина қызметкері ретінде бұл бастамаларды халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам деп бағалаймын. Әсіресе алғашқы медициналық көмек жүйесін дамыту тұрғындарға аурудың алдын алуға, дер кезінде тексеріліп, қажетті ем алуға мүмкіндік береді. Ал медициналық нысандардың жаңаруы мен мамандарды қолдау саланың дамуына оң ықпал етеді.


Денсаулық сақтау саласының басты мақсаты – адам өмірін сақтау, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету. Бұл міндетті жүзеге асыруда заманауи жағдайлармен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі де маңызды.


Жолдауда белгіленген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асып, халықтың медициналық қызметке деген сенімі арта түседі деп сенемін. Ел игілігіне бағытталған бастамалар медицина саласының дамуына серпін берері анық.


Жанат МҮДЕБАЕВА,

Сайөтес мектебінің медбикесі

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!