Otpan News Logo

Маңғыстаулық ақын Астанада өткен айтыста жүлдегер атанды

|
08.11.2026 10:24
Маңғыстаулық ақын Астанада өткен айтыста жүлдегер атанды

OTPANNEWS.KZ. - «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен Астанада өткен «Жекпе-жек» республикалық айтысында Теңге ауылының тұрғыны Арғынбек Қалбаев жүлделі III орынды иеленді.

 

Суырып салма ақындар додасына еліміздің үздік 16 ақыны арнайы іріктеліп шақырылған еді. Олардың қатарында маңғыстаулық ақын Арғынбек Қалбаев сынға түсті.

 

Алғашқы кезеңде ол «Алтын домбыра-2016» иегері Аспанбек Шұғатаевпен сөз қағыстырып, келесі кезеңге өтті.

 

Келесі кезеңде «Алтын домбыра-2024» иегері Мейірбек Сұлтанханды жеңіп, жартылай финалда қарағандылық Дидар Қамиевпен айтысты.

 

«Еліміздің үздік 16 ақынының қатарына еніп, осы айтысқа шақырту алғаныма қуаныштымын. Алғашқы екі кезеңде «Алтын домбыра» иегерлерімен сөз сайысына түсіп, жеңіске жеттім. Жартылай финалда Дидар Қамиевпен айтыстым. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға ие болдым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе әрі шығармашылық жолымдағы маңызды жетістік», – деді Арғынбек Қалбаев.

 

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!