Otpan News Logo

Ақтауда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

|
13.11.2026 09:53
Ақтауда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ҚР Президентінің Жолдауының басым бағыттары талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Кездесуге ҚР Құрылтайының депутаты Аббат Өрісбаев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бекмұрат Жүсіпов, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттер қатысты.


Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылау, олардың өңірлік деңгейде жүзеге асырылуы жөнінде пікір алмасу және жастардың ұсыныстары мен сауалдарын тыңдау.


Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, білім мен ғылым саласының келешегі, жастар саясаты және қоғам алдындағы ортақ міндеттер сөз болды. Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қонақтармен ашық пікір алмасты.


– Президент Жолдауында еліміздің болашақ дамуына қатысты маңызды міндеттер белгіленген. Оларды жүзеге асыруда жастардың орны ерекше. Бүгінгі студенттер сапалы білім алып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, елдің дамуына өз үлесін қосуы қажет. Әсіресе, білімді, бастамашыл әрі жауапкершілігі жоғары жастар – мемлекеттің басты тірегі, – деді ҚР Құрылтайының депутаты Аббат Өрісбаев.


Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай ашық диалог алаңдары жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуына және қоғам мен өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!