Otpan News Logo

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

|
06.11.2026 20:33
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданына жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын облыс әкіміне жеткізіп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.


Облыс әкімі әрбір өтініш пен ұсынысты мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Тиісті бағыттар бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, азаматтардың өтініштерін қолданыстағы заң аясында жан-жақты қарауды және олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!