Otpan News Logo

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда тіркемеге тиелген алып қызыл раушан гүл шоғын тасымалдаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жүктің көлеміне байланысты жол қозғалысы талаптарының бұзылғанын анықтаған.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 қарашада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейд кезінде болған. Тіркемемен көлемді гүл композициясын тасымалдаған көлік полицейлердің назарына іліккен.


Тексеру нәтижесінде жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.


Полиция өкілдері қандай жүк тасымалданса да, оның жол қозғалысына кедергі келтірмеуі және қауіпсіздік талаптарына сай болуы керектігін ескертеді.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!