Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жылдың үздік волонтері анықталады

|
30.10.2025 18:00
Маңғыстауда жылдың үздік волонтері анықталады

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облысының волонтерлер сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жақсылық жасауды өмір салтына айналдырған жандарды қолдап, еңбегін танытуды басты мақсат еткен бұл жобада 10 номинация бар. Олар:


  1. «Үздік волонтерлік ұйым» – Қоғамдық дамуға жүйелі үлес қосып, тұрақты жобалар жүзеге асыратын ұйымдар.
  2. «Үздік бастамашыл топ» – Қоғам үшін бастамаларды өз күшімен іске асыратын белсенді топтар.
  3. «Жүректен жүрекке» – Балаларға арналған қайырымдылық, білім беру, әлеуметтік қолдау жобалары.
  4. «Қоғам игілігі үшін» – Әлеуметтік және мәдени өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар.
  5. «Салауатты қоғам» –Салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулықты жақсартуға үлес қосатын бастамалар.
  6. «Жақсылықтың жаршысы» - Қарттарға қолдау көрсетіп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесетін жобалар.
  7. «Инклюзивті келешек» – Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған жұмыстар.
  8. «Табиғат қорғаушысы» –Экология, қоршаған ортаны қорғау, «таза қоғам» бағытындағы жобалар.
  9. «Жануарлар жанашыры»–Жануарларға қамқорлық көрсетіп, қорғау және құтқару бағытындағы жұмыстар.
  10. «Мейірімді оқу орны» – ЖОО, колледж немесе мектеп қабырғасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған білім беру ұйымдары.


Өтінім 30 қазан мен 14 қараша аралығында қабылданады. Жобаға қатысу үшін: өмірбаян, жеке куәлік көшірмесі, ұйымның тіркелгені туралы анықтама (ұйымдарға), жетістіктер тізімі (диплом, сертификат, алғыс хаттар және т.б.), БАҚ-та жарияланған материалдар (мақалалар, сұхбаттар, бейнематериалдар және т.б.), еркін форматтағы суретті pdf нұсқада rukhtan1@bk.ru электронды почтасына жіберу қажет. 


Айта кетейік, жобаға қатысушыларға жас шектеуі жоқ. 


“Жақсылық жасаған жүрек – әрдайым биікте. Өз үлесіңді көрсет – сыйлыққа үміткер бол”,- дейді басқарма өкілдері. 
69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!