Otpan News Logo

«Жас Қыран – 2025»: Ақтауда үздік жастар марапатталды

«Жас Қыран – 2025»: Ақтауда үздік жастар марапатталды

Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен, қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас Қыран – 2025» жастар сыйлығының үздіктері анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Салтанатты шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, түрлі салада белсенділігімен танылған жас мамандарды марапаттады. Әкім өз сөзінде жастардың қала дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.


Ақтау жастары – қоғамның қозғаушы күші. «Жас Қыран» сыйлығы жас буынның еңбегін бағалап, олардың болашаққа деген сенімін арттыруға бағытталған бастама. Әскери, медицина, білім, спорт және өзге де салалардағы жетістіктер – қаламыздың даму көрсеткіші, – деді Әбілқайыр Байпақов.


«Жас Қыран – 2025» жастар сыйлығының жеңімпаздары:


• Үздік полиция қызметкері – Ақылбек Айжігітов, Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция капитаны

• Үздік дәрігер – Медина Қойшыбай, №2 қалалық емхана акушеркасы

• Үздік құтқарушы – Сәдірқожа Кенжеғалиев, Маңғыстау облысы ТЖД бас маманы

• Үздік мәдениет қызметкері – Бағлан Игдирбай, Нұрмұқан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының актері

• Үздік жұмысшы маман – Болатбек Әділов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ инженері

• Үздік спортшы – Төрекен Қобланов, «Жас батыр» спорт мектебінің жаттықтырушысы

• Үздік журналист – Махаббат Нұржанқызы, «31 арна» меншікті тілшісі, otpannews.kz сайтының тілшісі

• Үздік IT маман – Жұлдызай Мектепова, Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқытушысы

• Үздік кәсіпкер – Нұрболат Тұрсынбаев, «Айым» гүл орталығы мен наубайханасының негізін қалаушы

• Жылдың үздік белсендісі – Шынар Құрмет, «Ай-шуақ» қоғамдық ұйымының басшысы


Шара барысында сондай-ақ Ақтауда жастар саясатының дамуына үлес қосқан білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі қызметкерлері мен белсенді жас азаматтар қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!