Otpan News Logo

Yessenov университетінде TEDx спикерлер алаңы өтті

|
03.12.2025 11:30
Yessenov университетінде TEDx спикерлер алаңы өтті

Yessenov университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Саналы ұрпақ - сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы TEDx форматындағы спикерлер алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара кезінде «Адал адам - ел болашағының стратегиялық капиталы» тақырыбында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов сөз алды. 


Спикер адалдық мәдениетін қалыптастырудың мемлекеттік қызметтегі ғана емес, жалпы қоғамдағы маңызын атап өтіп, жас буынның саналы, әділетті, ашық қоғам құрудағы рөлін ерекше атады. 


«Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда үлкен рөл атқарады», - деді Тоқтамыс Қадошұлы. 


Шара барысында студенттер белсенділік танытып, спикерге түрлі сұрақтар қойып, еркін форматта пікір алмасу жүргізді. Бұл өз кезегінде кездесуді жандандырып, TEDx алаңының интерактивті рухын қалыптастырды.

103
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!