Мұнайлыда құрылыс аумағында жұмысшы биіктен құлап қайтыс болды
Мұнайлы ауданы аумағындағы құрылыс нысандарының бірінде 20 жастағы жұмысшы лифті шахтасына құлап қаза тапты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді.
Департамент деректеріне сәйкес, 4 қараша күні кранмен құм толы науаны жоғары қабатқа жеткізген кезде болған. Құмды түсіріп болған соң, жұмысшы қауіпсіздік орнынан алыстап кетпекші болғанда тепе‑теңдігін жоғалтып, лифті шахтасына құлап кеткен. Жедел жәрдем бригадасы шамамен 20-30 минуттан соң келсе де, жас жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Ведомство өкілінің айтуынша, жұмыс беруші - ЖК «Сариев С. Ж» және тапсырыс беруші «AN-GroupM» ЖШС аталған қайғылы жағдай туралы аумақтық еңбек инспекциясына уақытылы хабарлаған жоқ. Бұл ҚР заңнамасына қайшы келеді.
«Қазір облыстық еңбек инспекциясы комиссиясы құрған. Мамандар апат себебін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және жауапты тұлғалардың мүмкін болдырған қателіктерін анықтап жатыр. Тергеу аяқталған соң қосымша ресми ақпарат беріледі, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Кемалов.