Otpan News Logo

Маңғыстауда ЖРВИ жұқтырғандардың басым бөлігі – балалар

|
04.12.2025 14:43
Маңғыстауда ЖРВИ жұқтырғандардың басым бөлігі – балалар

Маңғыстауда 2025 жылдың 1 қазанынан бері 133 733 ЖРВИ жағдайы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші артып отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (62 947 жағдай) аурушаңдық көрсеткіші 1,9 есеге жоғары, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сай, 13-19 қараша аралығында ЖРВИ-дың 36129 жағдайы тіркеліп, алдынғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,3 есеге өскен. Мамандардың айтуынша, ЖРВИ-дің күрт өсуі қазан айының соңынан басталған.


«Қазан айының соңында ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт артты. Апта өткен сайын келушілер саны артып, амбулаторлық, станционарлық ем жасалды. ЖРВИ – тыныс алу жолдарының аса жұққыш инфекциясы. Өңірдегі эпид жағдайдың, балалар арасындағы тұмаудың артып кетуі – өңір демографиясына да тікелей қатысы бар. Өйткені көпбалалы отбасылардағы әр бала мектепке, балабақшаға барып, бір-біріне жұқтырады. Салдарынан үй ішіндегі барлық адам бірдей ауырып, олар да өзгелерге ауру тасымалдайды. ЖРВИ-дан сақтанудың ең үздік амалы – тұмауға қарсы екпе»,- деді инфекционист дәрігер Жансая Сәрсенбаева.


Маманның айтуынша, екпе егу маусымы қыркүйек айының ортасында басталған. Екпені алуға ересектер көп келсе де, балалар саны аз. Себеп – ел арасындағы вакцинацияға деген қорқыныш.


«Көпшілік вакцина алудн қорқады. Өздеріне екпе егуге келіссе де, балаларға салдырмайды. Бірақ бұл – қате пікір, соның салдарынан ауырғандар арасында балалардың үлес салмағы көп»,- дейді Жансая Сәрсембаева.


Расында, қараша айының соңғы аптасындағы көрсеткіш бойынша, өңірдегі ЖРВИ жұқтырушылардың басым бөлігі – балалар. Соңғы аптада тіркелген ЖРВИ жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар саны – 33 481-ге жеткен. 


«Тұмауға полимеразды тізбек реакция әдісімен 380 сынама зерттелді, нәтижесінде 216 грипп вирусы (А/H3N2) анықталды, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 92 жағдай (63%). Мектеп оқушылары арасында 67 жағдай (31%),ал жүкті әйелдер арасында 52 жағдай тіркелді»,- деді Маңғыстау өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова.
46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!