Otpan News Logo

Маңғыстау жастарына арналған тегін онлайн сабақтар жаңа бағыттармен толықты

Маңғыстау жастарына арналған тегін онлайн сабақтар жаңа бағыттармен толықты

Маңғыстау облысының жастарына арналған цифрлық білім беру мүмкіндіктері кеңейе түсті. «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Bilim – ALL» әлеуметтік жобасы аясындағы онлайн сабақтар топтамасы жаңа оқу бағыттарымен толықты. Жаңартылған контент «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасына жүктеліп, облыс жастары үшін толық ашық әрі тегін форматта қолжетімді.


Жаңа енгізілген оқу бағыттары:

• Фриланс негіздері

• Цифрлық маркетинг

• Портфолио жасау және практикалық тапсырмалар

• Тапсырыспен жұмыс істеу дағдылары


Бұл оқу блоктары жастардың нақты еңбек нарығына бейімделуін, жеке кәсібін бастауын және онлайн форматта табыс табу мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаның басты артықшылығы – барлық сабақ кез келген жасқа қолжетімді, жасалған платформа арқылы қатысушылар өзіне ыңғайлы уақытта, қалаған жерден білім ала алады. Курстар қысқа, түсінікті форматта әзірленіп, заманауи мамандықтарға қажетті практикалық дағдылармен толықтырылған.


«Bilim – ALL» жобасы – өңір жастарына тегін білім алу мүмкіндігін ұсынатын алғашқы кешенді онлайн бағдарлама. Жоба авторларының айтуынша, жаңартылған сабақтар сериясы облыстағы жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге елеулі үлес қосады. Жобаға қатысушылар дайындалған курстарды толық аяқтағаннан кейін арнайы сертификатқа ие болады. Бұл құжат жас мамандардың кәсіби жетістіктерін растап, олардың еңбек нарығына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

 

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!