Маңғыстауда түсірілген «Мұнай» телехикаясы көрерменге ұсынылды
Маңғыстау облысында түсірілген, 1990-жылдардағы Қазақстандағы қиын кезеңді бейнелейтін «Мұнай» телехикаясының алғашқы жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Көрсетілімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, актерлар құрамы, блогерлер және шақырылған қонақтар қатысты. Жобаның идея авторы әрі продюсері – Алишер Утев, режиссері – Дархан Төлегенов. Басты рөлдерде Данияр Алшинов, Нышанбек Жұбанаев, Айбар Салы, Ақнұр Рахат, Қуандық Жүнісов және Дана Амирқұл ойнайды.
Телехикаяда 1990-жылдардағы елдегі экономикалық дағдарыс, мұнайлы өңірдегі ахуал және «қара» нарықтағы мұнай саудасы суреттеледі.
– Адамның дүниеқоңыздық пен көрсеқызарлыққа бой алдыруы жақсылыққа әкелмейді. Қанағат сезімі керек. Бұл фильмде осы ой кеңінен ашылады. Мен бұл жобадан көп үміт күттім және өзіме жүктелген образ арқылы негізгі идеяны көрерменге жеткізе алдым деп ойлаймын, – деді актер Нышанбек Жұбанаев.
Айта кетейік, көрсетілімді «Freedom Media» серіктестігі ұйымдастырды.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев