Otpan News Logo

Өңір жастарына арналған 10 замани мамандық бойынша тегін курс ашылды

Өңір жастарына арналған 10 замани мамандық бойынша тегін курс ашылды

Маңғыстау облысында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған тегін онлайн оқыту платформасы қолжетімді болды. «Bilim – ALL» жобасы – еңбек нарығында сұранысқа ие 10 мамандық бойынша арнайы сабақтар сериясын ұсынатын жаңашыл білім беру платформасы.


Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп әзірленіп, бүгінгі заман талаптарына толық сәйкес келетін оқу контентімен толықты. Сабақтар сериясы «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасына енгізіліп, облыстың кез келген жасына қолжетімді. 


Тегін курстар ұсынылатын 10 мамандық:

1. Жасанды интеллект (AI) негіздері

2. UI/UX-дизайн

3. Дата-аналитика (Data Analytics)

4. AI-графикалық дизайн

5. AI фото/видео монтаж

6. Цифрлық маркетинг (Digital Marketing)

7. Startup бастау негіздері

8. No-code инженерия

9. AI Business

10. Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект құралдары


Бұл курстар өңір жастарына заманауи кәсіби дағдыларды меңгеруге, цифрлық ортада еркін жұмыс істей алуға және еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерге қадам жасауға жол ашады. Жобааясында барлық сабақтар ашық форматта ұсынылды. Айта кету керек, курсты толық аяқтаған қатысушылар арнайы сертификат алады. Бұл сертификат жас мамандар үшін кәсіби біліктілікті дәлелдейтін қосымша артықшылық болмақ.


«Bilim – ALL» жобасы – тек білім беру платформасы емес, сонымен қатар өңірдегі жұмыссыз жастардың санын азайтуға, кәсіпкерлік және IT бағытындағы жаңабуын мамандарын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды әлеуметтік бағдарлама. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, Маңғыстау облысында жастарға арналған мұндай тегін әрі кезкелген уақытта қолжетімді онлайн платформа алғаш рет іске қосылып отыр.

 

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!