Otpan News Logo

Маңғыстау балуаны әйелдер күресінен ел чемпионы атанды

|
04.12.2025 08:57
Маңғыстау балуаны әйелдер күресінен ел чемпионы атанды
Көрнекі сурет (ашық дереккөзден)

Маңғыстаулық балуан Марал Тәңірбергенова Алматыда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz


Әйелдер күресінен 50 келіде сынға түскен жерлесіміз финалда өткен жылғы ел чемпионы Лаура Ғаниқызынан басым түсті. Осылайша маңғыстаулық бозкілем шебері ел біріншілігін табысты деңгейде аяқтап, елге саф алтынмен оралғалы отыр. 


Бұл салмақта күміс жүлде Алматы қаласының балуаны Лаура Ғаниқызына бұйырса, қос қола жүлде Гүлжазира Амантаева (Қостанай обл) мен Светлана Анкичеваның (Астана қ.) еншісіне бұйырды. 


Кеше әйелдер арасында 59 келіде де ел чемпиондары анықталды. Бұл сында алтын медальды Виктория Хусаинова (Ақмола обл) иеленсе, күміс жүлде Мадина Аманға (Түркістан обл) тиесілі болды. Ал қола жүлдегерлер қатарында Гүлдана Бекеш (Қарағанды обл) пен Диана Каюмова (Астана қ) сынды белгілі балуандар бар.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!