Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жаңаөзенде өндірістік кәсіпорын аумағында жеміс бағы өсіп тұр

Ақмарал Берекет
|
23.08.2025 16:15
Жаңаөзенде өндірістік кәсіпорын аумағында жеміс бағы өсіп тұр

Жаңаөзен қаласында өндірістік кәсіпорындар тек өндіріс көлемін арттырумен шектелмей, экологияға және қаланың көркейуіне де үлес қосып келеді. Соның жарқын мысалы – «Мунайспецснаб» мекемесінің аумағында орналасқан 80 соттық бау-бақша, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Бақ ішінде жүзім, алма, өрік, алмұрт және шие ағаштары өсірілуде. Заманауи тамшылатып суару әдісінің арқасында жерасты суы тиімді пайдаланылып, жыл сайын шамамен 10 тоннаға жуық өнім жиналады. Жемістер мекеме қызметкерлеріне ғана емес, қала тұрғындарына да пайдасын тигізіп келеді.


– Біз үшін өндіріс қана емес, қаланың тазалығы да маңызды. Жасыл желек – Жаңаөзеннің келешегіне қосқан үлесіміз, – дейді мекеме өкілдері.


Мұндай игі істер Жаңаөзеннің таза, жасыл әрі жайлы қала ретінде дамуына жол ашатыны анық. Әрбір кәсіпорын өз аумағына жауапкершілікпен қарап, табиғатты қорғауға үлес қоса білсе, өңірдің экологиялық ахуалы да жақсара түспек.

Untitled Tag
18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!