Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
«Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойыз билеттерін сатып алуға жеңілдік жасалады
Жанкелді Қаржан
|
10:57, 18 тамыз 2025
ҚТЖ АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жеңілдіктер 22 қыркүйектен 23 қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.


Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

 

№ 9/10 «Астана – Алматы»

Вагон түрі: отыратын (2С)

Жеңілдік: отыратын орындарға 40%

 

№ 65/66 «Астана – Жезқазған»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купелік орындарға 25%

 


№ 67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%


№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%

 

№ 351/352 «Алматы – Өскемен»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%


№ 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%


Күн сайын қатынайтын пойыз:


№ 11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купелік орындарға 25%. 

131
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!