Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда үстел теннисінен халықаралық турнир өтті

Ақмарал Берекет
|
23.08.2025 20:25
Маңғыстауда үстел теннисінен халықаралық турнир өтті

Маңғыстауда облыстық үстел теннисі федерациясының төрағасы Вячеслав Мусаевтың 55 жас мерейтойына орай «Mussayev Cup-55» ашық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жарысқа Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарынан және Қытайдан келген тәжірибелі спортшылар қатысты.


Облыстық үстел теннисі федерациясының төрағасы Вячеслав Мусаевтың айтуынша, ашық турнир алғаш рет ұйымдастырылды. Додаға ардагер спортшылар да қатысып, төрт жас санаты бойынша бақ сынады: әйелдер – 35 жастан жоғары, ерлер – 40-49 жас, 50-59 жас және 60 жастан жоғары. Сондай-ақ бұл турнирді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта жарысқа Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан да спортшыларды шақыру көзделген.


Жарыс қорытындысы:


І орын – Гүлім Елдесбаева, Бақтыбек Жақсылықов, Сұлтангерей Тілегенов, Есен Тайханов;

ІІ орын – Ильяс Қалмурзиев, Нұрлан Хайруллиев, Руслан Аманжолов, Раушан Исламғалиева;

ІІІ орын – Мақатай Рамазанұлы, Ринат Джумадилов, Наталья Горохова және Қытай спортшысы Жи Шиппинг.

Untitled Tag
Untitled Tag
38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!