Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысында заңсыз қоқыс үйінділері анықталды

Ақмарал Берекет
|
23.08.2025 11:40
Маңғыстау облысында заңсыз қоқыс үйінділері анықталды

Маңғыстау облысы аумағында заңсыз қоқыс төгілген 61 орын тіркелді, деп хабарлайды otpannews.kz Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Ақтау қаласында – 17, Жаңаөзен қаласында – 17, Қарақия ауданында – 1, Түпқараған ауданында – 4 және Мұнайлы ауданында – 22 нүкте анықталған.


Осыған байланысты жергілікті әкімдіктер тарапынан арнайы шаралар қабылданып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қоқысты жою мен жерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Бүгінгі күні 30-ға жуық қоқыс үйіндісі жойылды, қалған нүктелер бойынша жұмыстар жалғасуда.


Іске тазалық қызметтері жұмылдырылып, әрбір нүкте бойынша нақты жоспар жасалған. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Untitled Tag
Untitled Tag
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!