Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Шетпе ауылының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

Ақмарал Берекет
|
22.08.2025 17:52
Шетпе ауылының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

Маңғыстау ауданында аппараттық жиналыс өтіп, Шетпе ауылының қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары қаралды. Жиынға аудан әкімі Ғалымжан Ниязов төрағалық етті, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күн тәртібінде «Шетпе ауылының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар» мәселесі талқыланды. Бұл туралы ауыл әкімі Айдос Шамғұлов баяндама жасады.


Оның айтуынша, қазір ауылдың бірнеше шағынауданында спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Базарлы, Мақаш, Жаңаорпа, Қарашоқы-2 және Ащыбұлақ-1 шағынаудандарында 5 ойын алаңы, сондай-ақ Шетпе-1, Базарлы, Орталық және Ащыбұлақ-1-де 4 ашық футбол алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар 8 аялдаманың маңы кеңейтіліп, көлік қоюға ыңғайлы етілуде.


Ауылда жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары да қолға алынған. Құрылыс ұзындығы 13 шақырымды құрайды. Ол Шетпе-1 (Үшкөз қорымы) мен Қарашоқы (№3 мектеп) арасын, аудандық ауруханадан Жақсылық дүкеніне, одан әрі Жаңаорпа аспалы көпіріне дейінгі және Ностальжийден Қосбұлақ-1,2 елдімекендеріне дейінгі бағыттарды қамтиды. Бұдан бөлек көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде.



Алдағы жоспарлар қатарында ойын және спорт алаңдарын көбейту, орталық саябақтың қоршауын жаңалау, аудан картасын орнату, Шетпе-1 саябағын абаттандыру, қоғамдық санитарлық нысандар салу, ауылішілік жолдарда қауіпсіздікті күшейту жұмыстары бар. Сондай-ақ қарғын су жиналатын орындарға арнайы құдықтар салу, қосымша аялдамалар орнату және 10 нүктеге жаяу жүргіншілер жолағы мен жасанды жол кедергілерін қою жоспарланған.


Ғалымжан Ниязов ауыл әкіміне кейбір кемшілік тұстарды көрсетіп, ауданның жарты халқы тұратын орталықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Untitled Tag
Untitled Tag
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!