Бейнеуде киік ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды
Нұргүл Алясова
|
12:18, 20 тамыз 2025

Polisia.kz
Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киіктердің ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тінту кезінде Қызыл кітапқа енгізілген 9 киіктің ұшасы, 30 мүйізі, сондай-ақ 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынды.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ