Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Келешек мектептері»: Бейнеу ауданында 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Ақмарал Берекет
|
23.08.2025 11:28
«Келешек мектептері»: Бейнеу ауданында 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бейнеу ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Жаңа оқу жылында мектеп пайдалануға берілетін болады. 


Құрылыс жұмыстарын «СК Строй» ЖШС атқаруда. Нысандар типтік жобаға сай салынып, барлық заманауи талаптарға толық сәйкес жабдықталған. 


Жаңа мектепте бейнебақылау камералары мен дабыл батырмалары, асхана, акт залы, спорт залдары, лингафонды-компьютерлік кабинет, STEM-зертханалар, робототехника және хореография кабинеттері, инклюзив және логопед кабинеттері, демалыс аймақтары мен коворкинг алаңдары, оқушылардың жеке заттарына арналған шкафтар мен қосымша білім беру бөлмелері қарастырылған.

Untitled Tag
Untitled Tag
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!