Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Ақмарал Берекет
|
22.08.2025 20:08
Маңғыстау облысының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданынан келген көпбалалы аналарды қабылдады. Кездесуде тұрғындар әлеуметтік мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аналар баспана мен жер телімін алу, тұрақты жұмысқа орналасу, білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтарын қойды. Сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балаларға медициналық қызмет көрсету, арнайы балабақшалардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер көтерілді. Шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүрген әйелдер мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін айтты. Бұдан бөлек «Отбасы банк» және екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтар да назарға ұсынылды.


Әкім Нұрдәулет Қилыбай айтылған мәселелердің әрқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жауапты басқармаларға оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Untitled Tag
91
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!