Транскаспий бағыты: Соңғы бес жылда жүк тасымалдау көлемі 6 есеге өсті

ҚР Үкіметінің хабарлауынша, соңғы 5 жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк тасымалдау көлемі алты есеге өсті, деп жазады otpannews.kz.
Атап айтқанда, жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 0,8 млн тоннадан 2024 жылы 4,5 млн тоннаға дейін өскен. 2025 жылдың алғашқы жартысында тасымал көлемі 2,3 млн тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық болды.
Контейнерлік тасымалдардың айтарлықтай артуына кедендік рәсімдерді автоматтандыру да ықпал етті. Енді бір контейнерлік пойызды рәсімдеуге небәрі 30 минут кетеді, бұрын бұл процесс үш сағатқа дейін созылатын еді.
«Жуырда қытай тарапымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлық терминал іске қосылды. Сиань қаласында біздің құрғақ порт табысты жұмыс істеп тұр. Селятино, Свислочь және Будапешт маңында жаңа терминалдар салынуда. Маусым айында Грузияның Поти портында Қазақстанның алғашқы мультимодалды терминалы ашылды», — деді Мақсат Қалиақпаров.
Транскаспий бағыты бойынша қытай автопойыздарының қозғалысының басталуы да маңызды оқиғалардың бірі болды. 2024 жылы Құрық порты арқылы 3,5 мыңға жуық жүк көлігі өтті, ал биыл алғашқы жартыжылдықта олардың саны мыңнан асты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметке Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту үшін әріптес елдермен күш біріктіру міндетін қойды. Үкімет халықаралық көлік бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізіп келеді.