Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда ата-аналар және әкелер кеңесінің отырысы өтті

Жанкелді Қаржан
|
19.08.2025 15:48
Ақтауда ата-аналар және әкелер кеңесінің отырысы өтті

Ақтауда жаңа оқу жылы қарсаңында Маңғыстау облысы білім басқармасының жанындағы ата-аналар кеңесі мен облыстық әкелер одағы бірлесіп «Ата-аналар мен мектеп: өзара ынтымақтастық» тақырыбында басқосу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Өңірдегі әкелер одағының төрағасы Аллаберген Қонарбаевтың сөзінше, отбасы мен білім беру ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайта отырып, бала тәрбиесін назарға алуды көздейді. 


Аталған кеңеске облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ғазымова, мектеп директорлары, ұстаздар мен ата-аналар арнайы қатысты. 


«Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Сондай-ақ, мен осы жобаны педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынамын. Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі «Заң мен тәртіп» үстемдік құратын қоғамның іргесін қаламақ», - деді МО білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Нұрғайынқызы. 


Білім басқармасының өкілі ата-аналарды мектеп мұғалімдерімен біріге жұмыс істеуге шақырып, өз ұсынысын жеткізді. 


«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал бұл үштіктің өзегінде – еңбекқорлық идеясы болуға тиіс. Жас ұрпаққа еңбексіз ешқандай игілік болмайтынын үнемі түсіндіріп айту керек. Қоғамда масылдыққа жол бермеу қажет. Себебі, бұл жол тек тығырыққа тірейді. Сондықтан ата-аналарды мектеппен біріге жұмыс істеуге шақырамын. Президент айтқандай үштік жүйені киелі өңірде жоғары деңгейде жұмыс істете алсақ ортақ мүддеміз орындалғаны дегім келеді», - деді ол жиында. 


Кеңесте ата-аналар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы, әкелердің бала тәрбиесіне белсенді араласуы, оқушылардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуы сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, білім берудің сапасын арттыруға, ата-аналардың жауапкершілігін күшейтуге және мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды.

133
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!