Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі талқыланды

Ақмарал Берекет
|
22.08.2025 14:33
Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Бекет атаның 275 жылдық мерейтойына арналған кеңес өтті, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ірі кәсіпорындар мен мекемелердің жетекшілері, сондай-ақ өңір ақсақалдары қатысты.


Басқосуда мерейтой аясында өткізілетін «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, спорттық және мәдени-шығармашылық бағыттағы жобалар талқыланды.


Облыс әкімі Бекет атаның ел тарихындағы орнына тоқталып, мерейтойды жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.


– Біз халқымыздың рухани шамшырағы, сәулетші әрі ағартушы Бекет Мырзағұлұлының 275 жылдығын лайықты атап өту мақсатында жиналып отырмыз. Бұл – ұлт рухын көтеретін, жас ұрпаққа үлгі болатын ерекше оқиға. Бекет ата – ел тарихының темірқазығы, халқына қалдырған асыл мұраның иесі. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл мерейтойды жоғары деңгейде өткізіп, келер ұрпаққа өнеге қалдыру, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Кеңес соңында өңір басшысы мерейтойға қатысты барлық іс-шараны жүйелі түрде жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Untitled Tag
Untitled Tag
83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!