Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Маңғыстауда жылу беру маусымына дайындық жұмысы тексерілді
Гүлмира Аманжолқызы
|
10:26, 21 тамыз 2025

Үкіметтің жұмыс топтары өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


20 тамызда өңірлік инспекторлар әрі кеңесшілер Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов Маңғыстау және Абай облыстарындағы дайындықты тексерді.


Маңғыстау облысына жұмыс сапарында Ералы Тоғжанов «МАЭК» энергия кешенін жаңғыртуға қатысты жүйелі мәселелерге назар аударды. Кәсіпорында жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес: № 2 ЖЭС энергия блогы толықтай жөнделіп бітті, ЖЭО-2-де қазан агрегаты мен турбинаға, сондай-ақ ЖЭО-1-дегі қазандық қондырғыларына жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Сондай-ақ Ералы Тоғжанов аймақтағы жылу көздерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда Ақтауда кезең-кезеңімен 44 шақырым магистральдық және 10 шақырымнан астам шағынаудандардағы ішкі құбырлар ауыстырылып жатыр. Облыстағы тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандар жылыту маусымына 80 пайыз дайын.


Үкіметтік комиссия өңір әкімдіктеріне барлық жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқтап, тұрғындарды алдағы маусымда үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

85
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!