Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда еріктілер 50 отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыстады

Ақмарал Берекет
|
22.08.2025 12:43
Ақтауда еріктілер 50 отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыстады

Ақтауда жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Биыл еріктілердің бастамасымен 50 отбасыға мектеп құрал-жабдықтары сыйға тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға, ерекше балалары бар отбасыларға бағытталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – балалардың қуанышын бөлісіп, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік жасау.



– Бүгінгі шара арқылы 50 отбасыны қуанта алдық деп ойлаймын. Мұнда ең бастысы – ниет. Бұл ешқандай қайырымдылық қорының жұмысы емес, жай ғана аға-бауыр, достар болып жыл сайын осылай қол ұшын созуды дәстүрге айналдырдық. Мақсатымыз – қол ұшын беру, көмектесу. Балалардың жүзіндегі қуанышты көріп, еңбегіміздің ақталғанын сезіндік. Бұл істің бағасын халық береді, біз тек қолдан келгенінше көмектесеміз. Ақшалай қолдаған достарым мен бауырларыма алғысым шексіз. Өзім үшін мұндай істер – нағыз хобби. Әркімді жақсылық жасауға, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырар едім. Ең бастысы – жақсылық жасаудан шаршамау, – дейді ұйымдастырушы, ерікті Жантас Исақұл.


Еріктілердің айтуынша, акцияға қатысқан әр отбасыға оқу құралдары мен қажетті жабдықтар жинағы берілді. Шараға қолдау білдірген тұрғындар мен демеушілер балалардың жаңа оқу жылына дайындық барысында қиналмауына ықпал етуді мақсат тұтқан.



Жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл акция Ақтаудағы қайырымды жандардың бастамасымен жалғасып, көптеген отбасының алғысына бөленіп жүр.

Untitled Tag
Untitled Tag
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!