Otpan News Logo

Жаңа Конституция жастардың бастамасы мен мүмкіндіктеріне жол ашады

|
28.11.2026 18:10
Жаңа Конституция жастардың бастамасы мен мүмкіндіктеріне жол ашады

Жаңа Конституцияда жастардың әлеуетін дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін қағидаттардың көрініс табуы маңызды деп санаймын. Жас белсенді ретінде еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақтың біліміне, бастамашылдығына және азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін түсінемін.


Қазіргі жастар – ел дамуына үлес қосуға дайын, жаңашылдыққа ұмтылатын буын. Біз үшін сапалы білім алу, өз қабілетімізді жүзеге асыру, кәсіп бастау және қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндіктері маңызды. Сондықтан әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, білім алуына және өзін-өзі дамытуына жағдай жасауға бағытталған конституциялық нормаларды қолдаймын.


Сонымен қатар заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарының нығаюы жастар үшін де ерекше мәнге ие. Қоғамда әр адамның пікірі ескеріліп, бастамаларына қолдау көрсетіліп, заң алдында барлығы тең болуы керек. Осындай ортада ғана жастар өз болашағына сеніммен қарап, ел игілігі үшін еңбек ете алады.


Менің ойымша, жаңа Конституция – тек мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерді айқындайтын құжат емес, сонымен бірге қоғамның ортақ құндылықтары мен болашаққа деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды негіз. Жастар да ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласуға тиіс. Сондықтан Ата Заңдағы жаңашылдықтарды қолдаймын. Әділетті әрі дамыған Қазақстанды қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.


Данияр Рашидұлы,

жас белсенді

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!