Otpan News Logo

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты қағидаты

|
28.11.2026 13:22
Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты қағидаты

Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың мемлекет алдындағы теңдігін нығайтуға басымдық берілуі – маңызды қадам. Заңгер ретінде Ата Заңдағы бұл өзгерістердің қоғам үшін маңызы зор деп есептеймін.


Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізі. Онда әр азаматтың құқықтары мен міндеттері айқындалып, мемлекеттік органдардың қызмет ету қағидаттары белгіленеді. Сондықтан жаңа Конституцияда адам құқықтары мен қадір-қасиетін жоғары құндылық ретінде тануға ерекше мән берілуін құптаймын. Заң алдында барлығының тең болуы – әділетті қоғам қалыптастырудың басты шарты.


Сонымен қатар заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділдігіне қатысты нормаларға ерекше назар аудару қажет. Әр азамат өз құқығын заң аясында қорғауға мүмкіндік алуға тиіс. Құқықтық мемлекетте заң талаптары баршаға бірдей қолданылады. Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады.


Менің ойымша, Конституциядағы өзгерістердің нәтижелі болуы оны күнделікті өмірде жүзеге асыруға байланысты. Заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әр адамның жауапкершілігін күшейту – ортақ міндет. Сондықтан жаңа Конституциядағы жаңашылдықтарды қолдаймын. Бұл – құқықтық мемлекет құру мен әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды негіз.


Мұхит Кусаинов,

заңгер

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!