«Мейірім жәрмеңкесі»: Қазақстандықтар таңдаған 100 кітап көрмесі өтті
OTPANNEWS.KZ – Қазақстан Халық кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мейірім жәрмеңкесі» қоғамдық-ағартушылық іс-шарасы аясында «Қазақстандықтар таңдаған 100 кітап» бұрышы ұсынылды.
Кітап бұрышының негізгі мақсаты – оқу мәдениетін дамыту, әдеби мұраны дәріптеу және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
«100 кітап» жобасы әдебиеттің бүгінгі деңгейін саралап қана қоймай, келешек ұрпақтың рухани бағдарын айқындауға бағытталған. Жобаның тұжырымдамалық ұраны – «Кітап – ұлттың жады». Бастама аясында түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеу, әдеби құндылықтарды саралау және оқырмандық талғам қалыптастыру көзделген»,- дейді кітапханашы Айнагүл Байжанақова.
Айта кетейік, жәрмеңке барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесі мен кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері де талқыланып жатыр.
7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев