Otpan News Logo

Ақтауда «Мейірім жәрмеңкесі» өтіп жатыр

|
28.11.2026 10:20
Ақтауда «Мейірім жәрмеңкесі» өтіп жатыр

OTPANNEWS.KZ – Қазақстан Халық кеңесінің ұйымдастыруымен «Мейірім жәрмеңкесі» қоғамдық-ағартушылық іс-шарасы өтіп жатыр. 


Мұнда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесі мен кітап оқу мәдениетін дамыту туралы ашық әңгіме өтеді. 


Сондай-ақ қала тұрғындары психолог, заңгер, теолог, медиатор, репродуктолог және гинеколог мамандардан тегін кеңес алып жатыр. Кеңес алаңында дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының өкілдері де жұмыс істеп жатыр.


Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ардагер ұстаз Оразғали Өтеулиев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай қажы Дүйсенбай және өзге де қоғам өкілдері қатысуда.


Сондай-ақ келушілерге «Қазақстандықтар таңдаған 100 кітап» көрмесі мен креативті өнімдер жәрмеңкесі ұсынылды.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!