Жаңаөзенде өңірдің инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін «Әділет» партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаөзен қаласындағы «KMG EP-Catering» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды. Сондай-ақ партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кандидаттар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, көлік-логистика әлеуетін арттыруға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға тоқталды.
Атап айтқанда, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, Кендірлі әуежайының құрылысының маңызын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы талқыланып, Маңғыстау облысы үшін стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолы жобасына ерекше назар аударылды.
– «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының салынуы еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба өңіраралық жолды шамамен 900 шақырымға қысқартып, жүк тасымалының уақытын және көлік шығындарын азайтуға ықпал етеді. Ақтау мен Құрық теңіз порттарының транзиттік әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды. Ал Кендірлі әуежайы өңірдің туристік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді, - деді кандидат Бейнеубек Әбілов.
«Әділет» партиясының Маңғыстау облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында да өңірдің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға басымдық берілген. Бағдарлама аясында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, инженерлік-коммуналдық желілерді жаңғырту, әлеуметтік нысандар салу және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлері кандидаттарға сұрағын қойып, ұсыныс-пікірін білдірді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;
Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды